Елімізде 130 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 130 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысып жүр

13.10.2021

Елімізде 130 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысып жүр. Олар қазір шығармашылық және спорттық секциялар мен ғылыми үйірмелерден дәріс алуда. Бұл мүмкіндік мамыр айынан бастап жүзеге асқан еді. Яғни, қазақстандық әр бала екі үйірмеге тегін қатысуға құқылы. Министрлік өкілдері алдағы бірнеше жылда балалар 100 пайыз тегін үйірмемен қамтылады деп отыр.
Гүлнұр Түймеханова бұл мүмкіндікті ести сала қуанғандардың бірі. Өйткені балаларының шығармашылық қабылетін дамытқысы келеді. Бүгінде ұл мен қызын жаңа қырынан көріп, дән риза.
Гүлнұр Түймеханова, Қосшы қаласының тұрғыны:
Мемлекет тарапынан осындай үйірмелердің ашылғанына қуаныштымын. Ұлым суретке және домбыраға, қызым екі үйірмеге қатысып жатыр. Осындай мүмүкіндіктердің ата-аналарға туып жатқанына қуаныштымыз. Ол материалдық жағдаймызға үлкен көмегін тигізіп жатыр. 4 кружокка қатысуға қанша ақша кетеді. таңертеңнен кешке дейін телефонда емес, бала біршама дамып жатыр. 
Ал Абылай саксафонның құлағында ойнайды. Үйірмеге бұрыннан қатысатын. Ақылы еді. Енді тегін үйреніп жүр.
Гүлнәр Балғабаева, Қосшы қаласының тұрғыны:
 Қазір балам саксафонға тегін барып жүр. Өйткені ол баламыздың дамуына жақсы әсер етіп жатыр.
Елорда іргесіндегі Қосшы қаласындағы тегін үйірме мектебі жуырда ашылды. Тұрғындар дән риза. Өйткені әрі ақысыз, әрі қалаға қатынаудың қажеті жоқ. Қазір 80 бала домбыра сурет, вокал, би үйірмелерінен тәлім тереді.
Айсұлу Тани, Қосшы қаласы музыка мектебінің директоры: 
Жағдайы нашар отбасыларға үлкен көмек болып жатыр. Өйткені бұған дейін біздің мектебіміз тек ақылы түрде жұмыс жасайтын. Тағы бір жақсысы – мамандарды жұмыспен қамту жағы.
Тегін үйірмеге 4 пен 17 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Ол үшін арнайы ашылған «https://artsport.edu.kz/ru » сайтына кіріп, тіркеліп, өзіңізге ыңғайлы үйірме орталығын таңдап жолдама алу қажет.
Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары:
Барлық өңірде қаражат бөлінді, жұмыс қарқын ды жүріп жатыр. Жалпы бұл енді біртіндеп біртіндеп болатыны нәрсе ғой. Білім және ғылым саласы, спорт секциясы, шығармашылық бағытта балаларды 100 пайыз үйірмемен қамту көзделген.
Бүгінде ел бойынша 59 үйірмеге 130 мыңнан астам бала қатысып жатыр. Қаржы жергілікті бюджеттен беріледі. Министрлік кадр тапшылығы мен үйірме орталықтарының жеткіліксіздігі деген мәселе болмайды деп сендірді. Өйткені, әр өңірде сұранысқа сай тиісті жұмыстар атқарылады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу