Аргентинада 3-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы иммундалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада 3-11 жастағы балалар коронавирусқа қарсы иммундалып жатыр

13.10.2021

Аргентинада 3-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады. Науқан аясында 2 млн 600 мың жеткіншекті Синофарм препаратымен иммундау жоспарланып отыр. Бұған дейін елде дәл осы вакцинаны 12 және 17 жастағы 1 млн 600 мың жасөспірімге салу құпталған еді. Ел билігінің мәлімдеуінше, бұл шара Аргентинадағы эпидахуалды бақылауға алу үшін маңызды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу