Мәскеу Вашингтонға санкцияларды алып тастау туралы ұсыныс жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу Вашингтонға санкцияларды алып тастау туралы ұсыныс жасады

13.10.2021

Ресей АҚШ-қа дипломатиялық дауларға байланысты жарияланған санкциялардың бірнеше бөлігін алып тастау туралы ұсыныс жасады және де тараптар бұл жайында келіссөздерді әрі қарай жалғастыруға келіскен. Мұны «Ассоушиэйтид пресс» агенттігі хабарлап отыр. Санкцияны тоқтату мәселесі АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд пен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков арасында өткен кездесуі барысында көтерілді.


Хабарламаларға жазылу