Германияның «Фольксваген» автоконерні 30 мың жұмыс орнын қысқарту мәселесін қарастырып жатыр. Сондағы мақсаты – шығындарды азайтып, «Тесла» тәрізді компаниялармен бәсекелестікті күшейту. Мұны жергілікті ақпарат құралдары бүгін хабарлады. Дегенмен, «Фольксвагенның» жұмысшылар кеңесі қысқарту жайында түсініктеме бермейтінін айтқанымен, ондаған мың адамның істен босатылаты туралы ақпаратты «негізсіз әрі сандырақ» деп атады. Айта кетсек, «Тесла» үшінші үлгідегі бір машинасын жасауға 10 сағат жұмсаса, «Фольксвагенде» 30 сағат кетеді екен.