Ахтанов пен Шаңғытбаевқа ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахтанов пен Шаңғытбаевқа ескерткіш қойылды

04.01.2014
Ахтанов пен Шаңғытбаевқа ескерткіш қойылды
Ақтөбеде Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевқа ескерткіш орнатылды. Драматург-жазушы мен белгілі ақынның тас мүсіндері Ақтөбенің орталық көшесіне орнатылды.
 
Қос қайраткер көзі тірісінде бірге жүріп, сырлас дос болған. Сондықтан екеуі қатар бейнеленді. Тас мүсіннің биіктігі - 6 жарым метр. Кемеңгер тұлғалардың сұлбасын тасқа қашаған автор «Жас ұрпақ мәдениетке үлес қосқан аға буынды ұмытпауы қажет», дейді.
 
Мақсат - тарихи таныммен ұрпақ өсіріп, ұлттық сана қалыптастыру. Ескерткіштің ашылуына қос қаламгердің тума-туыстары да келді
 
Дулат Ахтанов, Т. Ахтановтың ұлы:
Әкем мен Қуандық ағаның қатар жүріп, өлең оқып, оны талқылайтынын бала кезден білемін. Тарихта да ажырамай қатар қалды. Екеуіне орнатылған мына ескерткіш Жаңа жыл қарсаңында жақсы сый болды, біздің отбасымызға да, Ақтөбе жұртшылығына да. Бұл келер ұрпаққа рухани тәрбие беретін, мәдени орынға айналары сөзсіз.
 
 
Әлия  ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу