Елде макулатураның экспортына тағы алты айға тыйым салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қайта өңделетін қағаз бен картон тасымалына қатысты бұйрық жобасын дайындады. Қағазды қайта өңдеушілерді қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін министрлік «Атамекен» палатасымен бірлесіп талдау жүргізген. Бұған дейін экспортқа тыйым 2019 жылы 2 жыл мерзімге салынған. Соның нәтижесінде осы саладан түсетін салық 23%-ке артып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ақерке Бектас