Карантиндік шектеулер жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндік шектеулер жеңілдетілді

14.10.2021

Елімізде соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру 30 пайызға, өлім-жітім деңгейі 40 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Жиында мынандай 5 шешім қабылданды. Бірінші, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға міндетті адамдардың саны 9,9 млн-нан енді 11,4 млн-ға жетуі тиіс. Бұл жағдайда иммунитет деңгейі 60 пайызға жуықтайды. Екінші, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігіне жопарланды. Үшінші, «ASHYQ» жобасына қатысушы бизнес нысандарының жұмыс уақыты аймақ статусына қарай түнгі сағат 3-ке дейін немесе таңы 5-ке дейін ұзартылды. Төртінші, осыған дейін вакцинация паспорттары жарамды деп танылған 13 елдің қатарына Үндістан мен Филиппин қосылды. Соңғысы, Қазақстанда туыстары бар шет ел азаматтары мен жерлеу рәсіміне шақырылғандарға елге кіруге рұқсат етілді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу