Ресей президенті Владимир Путин энергияны саяси қаруға айналдырғанын жоққа шығарды. КСМ: Айта кетсек, бүгінде Еуропа елдерінде газ мейлінше қымбаттап, оның құны жыл басынан бері 600 пайызға өскен. Ал, Брюссель Мәскеуді осындай шақта «Қарт құрлыққа» көгілдір отынды әдейі жеткізбей отыр деп айыптады. Путин болса мұндай уәжді саяси астары бар сандырақ деп есептейді. Бұл туралы мәлімдемені Кремль басшысы Мәскеу энергетикалық форумында жасады.
Кейбір сарапшылардың ойынша, Ресей Украинаны айналып өтіп Германияға газ тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырын Еуропаға мақұлдату үшін бұл аймаққа отын беруді азайтып отыр. Бірақ, мұны Мәскеу мойындамады. Ал, өзге бір бақылаушылардың пікірінше, Еуропаның отын дағдарысына ұшырауына пандемиядан кейін сұраныстың күрт артуы, қоймаларда газдың азаюы және жасыл энергия өндірісінің төмендеуі себепші.
Арыстан Рысбек