Қазақстан бидай мен ұнды Ауғанстан нарығына қайта шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бидай мен ұнды Ауғанстан нарығына қайта шығара бастады

14.10.2021

Қазақстан бидай мен ұнды Ауғанстан нарығына қайта шығара бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігі вагондарды жөнелту қалпына келгенін хабарлады. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстан Ауғанстанға 60 мың тоннадан аса ұн мен 16 мың тоннаға жуық астық экспорттаған. Бұған дейін Ауғанстан саяси ахуалға байланысты серіктес елдермен сауда-саттықты уақытша тоқтатқан еді. Жалпы Қазақстан жылына шет елдерге 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу