Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі енді кейбір дәрі-дәрмектің бағасын тұрақтандыруды тоқтатуы мүмкін. Бұл отандық фармкомпаниялар қатар өндіретін дәрілер мен нарықта бірнеше баламасы бар препараттардың құнына қатысты. Агенттік бірқатар дәрі-дәрмектің мөлшері мен бағасына талдау жүргізген. Тиісті заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Құжатқа сонымен бірге дәріханалардағы бағаға бақылау жүргізу мәселесі де кірген.
Ақерке Бектас