Биыл елде ипотекалық несие беру 2 есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елде ипотекалық несие беру 2 есеге артты

14.10.2021

Биыл елде ипотекалық несие беру 2 есеге артты. 370 мың сату-сатып алу келісімшарты жасалған. Сарапшылар бұған БЖЗҚ-нан ақша алу мүмкіндігі себеп болғанын айтады. Мәселен, тұрғындар зейнетақы қорынан баспана сатып алып, жөндеу жүргізуге 2 трлн теңгеге жуық қаржы алған. Бірінші кредиттік бюро мамандары тұрғын үйге аса көп сұраныс қордан ақша алу мүмкіндігі берілмей тұрып, артқанын жеткізді. Жалпы қыркүйекке дейін 1 трлн 2 млрд теңгеге 97 мыңнан аса несие берілген.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу