Биыл елде көмір 10%-ке қымбаттады. Жауаптылар бағаның өсуіне тасымалдау мен электр энергиясы тарифінің көтерілуі әсер еткенін айтады. Нарықта Шұбаркөл мен Қаражыра көміріне сұраныс жоғары. ОКНО Теміржолдағы көмір қоймаларында олардың тоннасы 13 мың мен 16 мың теңге аралығында сатылған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігі қазір өңірлердегі көмір қоймаларында бағаны бақылау үшін мониторинг жүргізіп жатқанын хабарлады.
Ақерке Бектас