Елордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Биыл үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Оның тек, 10-ы екінші кезеңге өткен. Бүгін Комиссия жоғары марапатқа ие болатындардың тізімін түзді. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы ел Президентінің тиісті Жарлығы әзірленбек. Айта өтейік, марапат ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми – техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан мамандарға беріледі.
Армангүл Тоқтамұрат