Ақтөбелік келіншек палатада орын болмағандықтан үш жасар қызымен аурухана дәлізіне түнеуге мәжбүр болғанын айтып шағымданды. Тіпті, науқасқа кереует те берілмеген. Науқас бала амалсыз орындықта ұйықтаған. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл жағдайды балалар арасында маусымдық аурудың өршуімен түсіндірді. Яғни, дәрігер көмегіне жүгінгендер көбейген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, емдеу мекемесі бар-жоғы 48 орынға шақталған. Сондықтан басқалары амалсыз дәлізге орналастырылған. Қазір жағдай реттеліп жатыр.