Қарағандыда 30 метр биіктен секірген 33 жастағы әйелдің жердегі бетон тасқа соғылып, ауыр бас-ми жарақатын алғаны, дереу ауруханаға жеткізіліп, операция жасалғанымен аман алып қалу мүмкін болмағаны - тағы бір жантүршігерлік оқиға. Бұл экстремалды сауық түрі роуп- джампинг деп аталады. Оны ұйымдастырушы «FLY» командасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Мұндай экстремалды сауық қазір елдің түкпір-түкпірінде белең алған. Ал қауіпсіздігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Елде аттракциондар қауіпсіздігі бақыланбайды. Аттракциондардың қауіпсіздігін бақылайтын маманды аттракцион қожайыны өзі тағайындайды. Яғни олар өздерін өздері тексереді... «Басының орнында аяғы» дейтін дәстүрлі көрініс. Руслан Нұрланұлы жалғастырады.