Дизель тапшылығы. Энергетика министрлігі не дейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизель тапшылығы. Энергетика министрлігі не дейді?

17.10.2021

Отын тапшылығына орай. Мәжіліс депутаты «Қазақстан халық партиясының» жетекшісі Айқын Қоңыров үкіметке жолдаған депутаттық сауалында солай болатыны жазда белгілі болғанына тоқталды. Ол отын дағдарысы жанар-жағар май станцияларының іркілісі емес, саладағы дағдарыс деп сипаттады. Ұзақ мерзімді жүйелік дағдарыс әрине, техниканы ғана «қақалтып, шашалтпайды».

Тапшылық, тиісінше, қымбаттаудың себебі арзан отандық отын көрші мемлекеттерге тез кетіп қалады деп түсіндіріледі. Сөйтеді де Ресейден қымбат отын сатып алу ұсынылады. Мұндай парадокске толы «арзанға сатып, қымбатқа ал» ұстанымы отын нарығындағы саясаттың бұрышқа тірелгенін көрсетеді деді Қоңыров.

Дизельдің тапшылығы мен қымбаттығынан «шашы ағарғандарға» Энергетика министрлігі не дейді? Ал министрлік тірлігін сарапшылар қалай бағалайды? Оңғар Алпысбайұлы тарқатады.


Хабарламаларға жазылу