«Ғаламдық метан міндеті» жобасына қосылған 32 мемлекет 2030 жылға дейін метанды ауаға шығаруды 30%-ға қысқартуға міндеттеме алды. АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, бұл қадам арқылы халықаралық қауымдастық ғаламдық жылынуға қарсы тұра алады.
Құжаты қараша айында Шотландияда өтетін БҰҰ-ның климатқа қатысты конференциясының қарсаңында дайын болуы тиіс. Мақсаты - әлем елдерін жұмылдырып, ауа температурасының 2100 жылға қарай 1,5 градусқа ғана көтерілуін ұстап қалу. Яғни құрғақшылық, аптап ыстық, жалпы экожүйе апатының алдын алуға септеседі деген үміт бар.
Мамандардың пайымынша, ауа температурасының көтерілуіне әсер ететін улы зат – метан, көмірқышқыл газынан да қауіпті болуы мүмкін. 20 жылда атмосфераны 80 есеге күйдіріп жіберуі ықтимал.
Президент көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты - Мемлекет басшысының пікірінше, Орталық Азиядағы жылыну процесінің жылдам қарқын алуы алаңдаушылық тудырып, шұғыл әрекетті талап етеді.
Қазақстан бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Алайда жағдай нашарласа 2030 жылға қарай бидай өнімі шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін. Қазақстанның Орталық Азиядағы жалғыз экспорттаушы ел екенін ескерсек, бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнетіні сөзсіз. Бұл қарапайым ғана мысал, деді Президент.
Апта бойы Мемлекет Басшысының жиналыстарын тыңдаған Шерхан Жамбылұлы жалғастырады.