Түркістан облысында карантин режимін бұзғандар 8,5 млн теңге шамасында айыппұл төледі. Үй карантинін бұзатындардың ең көбі Түркістан қаласында тіркеліп отыр.
ПТР-тесттің оң нәтижесі бар 116 азамат пен індетке шалдыққандармен байланыста болған 88 адам ойын-сауық орталықтарына, тамақтану орындары мен базарларға, ірі сауда желілеріне барған.
Қазір карантин талаптарын сақтамаған тұрғындарға қатысты 200-ге тарта әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылды.