Алматы облысында қолөнер шеберлерінің этнофестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қолөнер шеберлерінің этнофестивалі өтті

18.10.2021

Алматы облысы Текелі қаласында «Жетісу-Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы» атты қолөнер шеберлерінің этнофестивалі өтті. Фестивалға 30-дан астам маман қатысып, туындыларын жұрт назарына ұсынды. 9 аталым бойынша байқау ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды.

Киіз бен жібектен, былғары мен жүннен, ағаш пен темірден жасалған алуан түрлі заттар көрмеде көңілден шығып, жәрмеңкеде саудаланып жатты. Шараның мақсаты - әр өңірде танылмай жүрген қолөнершілерді бір шаңырақ астына біріктіріп, төл өнерді насихаттау.

Анаргүл Жаманқұлқызы, шебер: 

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық қолөнерімізді тастамай, қаншама ортада қиыншылық болса да, тастамай, өзіміздің өнерімізді осылай жалғастырып жүрміз. Көп адамдар үйренуге келеді. Соларды біз үйретеміз. Аямаймыз. Үйренем деген адамға әр уақытта есігім ашық.
 

Хабарламаларға жазылу