"Фейсбук" компаниясы алдағы бес жылда виртуалдық әлем құру үшін Еуропа Одағында 10 мың адамды жұмысқа жалдамақ. "Метағалам" деп аталатын онлайн дүниеде адамдар ортақ виртуалдық кеңістікте болып, бір-бірімен сөйлесе алады.
Өзгелермен мұндай байланыс орнату үшін әркім өзінің аватарын арнайы гарнитура арқылы қосса жеткілікті. Айта кету керек, "Фейсбук" метағаламды құруға 50 млн доллар бөліп отыр.