Көкшетауда тұрғындар 4 айдан бері сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда тұрғындар 4 айдан бері сусыз отыр

18.10.2021

Көкшетауда орталықтандырылған желіге қосылған 20 шақты үй сусыз отыр. Тұрғындар қомақты қаржы төлеп, су қостырғанымен, қуаныштары көпке созылмады.

«Құлагер» шағын ауданындағы жаңа мектепке су жеткізу үшін құбыр салынған. Оның құрылысы бірнеше жылға созылды. Желі іске қосылғанымен, тіршілік нәрі 2 апта ғана берілген. Одан бері 4 ай өтті, су жоқ. Қазір тұрғындар тасып ішіп отыр.

Өтеміс Айтқожин, қала тұрғыны:

Осы көшеде тұратын бүкіл жұртшылықтың бәрі қуанып, бәрі өздерінің үйлеріне су кіргізуге кірісті. Су құбырының өтетін жүйесінен бастап әркім үйіне кіргізу үшін өз қалталарынан жеке ақша төледі. 400 мыңға жақын ақша төлеп кіргіздім. Сондай суды кіргізіп, бірақ қуанышымыз су сепкендей басылды.

Құбыр екі жерден жарылған дейді тұрғындар. Құбырды салу үшін бюджеттен 98 миллион теңге бөлінген. Желі әлі «Көкшетау су арнасы» мекемесінің балансына да өтпеген.

Жанна Әбдірахманова, қала әкімінің баспасөз-хатшысы:

Мергідер жұмысты сапасыз атқарған. Ол компания жосықсыз мердігерлер тізіміне қосылды. Қазіргі уақытта әкімдік құбырды жөндеу туралы шешім қабылдады. «Көкшетау су арнасы» мекемесінің қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жақын арада су беріледі.


Көкшетау су

Хабарламаларға жазылу