Атырау облыс әкімі орынбасарының үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облыс әкімі орынбасарының үстінен іс қозғалды

19.10.2021

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тұрған кезде 80 миллион субсидияны заңсыз бөлді деген күдікке ілінді. Қазір бюджет қаржысын ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Бүгінде «Бұйырғын» кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген. Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары қызметіне осы жылдың қаңтар айында тағайындалған еді.


Хабарламаларға жазылу