Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында «Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!», - деп жазды.