Италияда шеруге шыққандар күшпен таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда шеруге шыққандар күшпен таратылды

19.10.2021

Италия полициясы коронавирусқа қарсы міндетті вакциналауды алып тастауды талап еткен шерушілерді күшпен таратты. Триест портында тәртіп сақшылары наразы топқа қарсы көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолданған. Осыған қарамастан демонстранттардың кейбіреуі өзгелерді шеруді жалғастыруға шақырды.

Наразылық акциясына шыққандар вакцина салдырғанды растайтын жасыл төлқұжаттың міндетті болуына қарсы. Жаңа ережеге сай, осы куәліксіз жұмыс орнына кірмек болғандар жұмыстан шеттетіліп, 1500 еуро айыппұл төлейді. Бұған қарсы шерулер елдің Венеция, Равенна және Генуя қалаларында өткен. 


Хабарламаларға жазылу