Аптаның соңында күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аптаның соңында күн суытады

19.10.2021

Қараша айының соңына қарай еліміздің бірқатар өңірлерінде күн суытады. «Газгидромет» орталығы мамандарының мәліметінше,  ең суық күндері ауа температурасы түнде -17-25 градусқа дейін жетеді. Ал еліміздің шығысында термометр бағаны күндіз -17, түнде -30 градусқа дейін түседі деп күтілуде.

Апта ішінде бірқатар өңірлерде жауын жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Ал ылғалдың мол түсу маусымы желтоқсан айына сәйкес келеді.

Жұлдыз Исабекова, Қазгидрометорталықтың ұзақ мерзімді ауа райын болжау басқармасының басшысы:   

21 қазаннан бастап солтүстік жақтан келетін циклонға байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп болжам жасап отырмыз. Солтүстік өңірлерде көктайғақ, бұрқасын да болады. Оңтүстік өңірлерде тұман байқалады.


Хабарламаларға жазылу