Испанияның Пальма аралында вулканның лавасынан бірнеше үй өртеніп кетті. Бұл жанартау қыркүйектің 19-да оянып, содан бері 750-гектарға жуық аумақты күлге айналдырды. 2 мыңдай ғимаратты жойған. Оның қашан сөнетінін ғалымдар айта алмай отыр. Вулканнан атқылаған от пен күл тіпті көбейген. Қауіпке байланысты аралдың 7 мыңдай тұрығыны эвакуацияланды. Испания Ұлттық географиялық институтының хабарлауынша, өткен аптада мұнда қуаты 4 жарым балдық жер сілкінісі болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда вулканның лавасынан бірнеше үй жанып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/146766/)