Президент «Astana Group» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловты қабылдады. Ол өзі басқаратын компаниялар тобының бюджетке төлеп отырған салық мөлшері 90 миллиард теңгеге дейін артқанын айтты.
«Mega» сауда орталықтарының халыққа екпе салу науқанына атсалысқанын жеткізді. Аталған орталықта 150 мыңнан астам адамға вакцина салынған.
Бизнесмен Президентке бюджеті 1 миллиард теңге болатын қайырымдылық қорының қызметі туралы да айтты. Бұдан бөлек балалар мен жасөспірімдер спортының жағдайы және «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы туралы баяндады.