Польша Еуропа Одағынан шығып кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польша Еуропа Одағынан шығып кетуі мүмкін

19.10.2021

Бүгін Еурокомиссияның президенті Урсула вон дер Ляйен Варшаваны ортақ заңдарды құрметтеуге шақырды. Себебі қазанның 7-сінде Польша Конституциялық трибуналы одақ ережелерінің бір бөлігі поляк конституциясына қайшы келеді деген үкім шығарған.

Содан кейін «Брексит» тәрізді «Полексит» бола ма деген алаңдаушылық туындады. Еуропарламент алдында Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий сөз сөйлеп, одақты билігін асыра пайдаланды және Польша конституциялық сотының шешімін дұрыс түсінбеді деп айыптаған.


Хабарламаларға жазылу