Академик Төрегелді Шарманов 90 жасқа толды. Осыған орай Алматыда ғалымның атындағы халықаралық қордың сыйлықтары табысталды. Оған медициналық-санитарлық көмекті дамытуға үлес қосқан шетелдік дәрігерлер, сондай-ақ COVID-19 диагностикасы мен емдеу хаттамасын әзірлеуші отандық инфекционистер ие болды.
Аталған халықаралық қор биыл ақпан айында құрылған. Оның миссиясы – денсаулық сақтау және дұрыс тамақтану саласындағы жас және болашағы зор ғалымдардың жобаларын қолдау. Бұдан бөлек, қор тарапынан диетологиямен айналысатын әлемдік академиялық орталықтарда тағылымдамадан өтуге гранттар бөлу жоспарланып отыр.
Жиын барысында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев профессор Төрегелді Шармановты туған күнімен құттықтап, оның отандық денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.