Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

20.10.2021

Апаттық жағдайға байланысты қалалық мәдениет үйінің жұмысы уақытша тоқтатылған. Әкімшілік құрамнан басқа қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге көшті. Өйткені төбенің қалған бөлігі де құлауы әбден мүмкін.

Жұмаш Тұрсынбаев, күзетші:
Апатты жағдай үстіңгі этажда болған. Қазір онда көтерілуге болмайды.

Ғимарат 90 жыл бұрын салынған. 2012 жылы күрделі жөндеу жасалған. Мәдениет үйінде шығармашылық ұжымдармен қатар мектеп жасындағы балаларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген болатын. Қазір 500-ден астам бала қаладағы басқа орталықтарға барып жүр.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
Облыс бюджетке қаражат жаздық. Сараптама жұмыстары біткеннен кейін олар қаржы бөліп, біз жөндеу жұмыстарын бастаймыз.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу