Қазақстанда газ өндіру 25%-ға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда газ өндіру 25%-ға төмендеді

20.10.2021

Қазақстанда газ өндіру 25%-ға төмендеді. Салдарынан елордадағы газбен жылытылатын 10 тұрғын үй кешенінде қиындық туындады. Негізгі себеп қалаға сұйылтылған газдың кеш жеткізілуі. Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдар мен өңдеуші зауыттар жылыту маусымының ерте басталуына орай елордаға газды басымдықпен жіберуді қолға алды. Тапшылықты болдырмау үшін Нұр-Сұлтанға қосымша 2300 тонна газ бөлінеді. Ең алдымен отын- газ тарату қондырғылары мен қазандықтарға, содан кейін ғана - жанармай бекеттеріне жеткізу жоспарланған. Тапшылыққа «Теңізшевройл», «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» және «Павлодар мұнай-химия зауытында» күрделі жөндеу жүрып жатқаны әсер етті. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу