«Facebook» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін. Мұндай мәлімет «Verge» порталында пайда болды.
Жаңа есім корпорацияның метағалам құру ниетіне сәйкестендірілмек. «Фейсбук» басшысы Марк Цукерберг бұл өзгеріс жайында қазанның 28-де өтетін конференцияда жариялауы мүмкін.
Оның пікірінше, метағалам шығармашылық мамандықтар қызметкерлеріне кеңейтілген мүмкіндіктер береді. Бұған қоса тамызда компания «Хорайзн Уоркрумс» атты виртуалдық кеңселерін көпшілік назарына ұсынған еді.