WTI маркалы мұнайдың бағасы өсіп жатыр. Электрондық сауда-саттықта қара алтын құны 83 доллардан асқан. Америка мұнайы бұлай соңғы рет 2014 жылы қазанда қымбаттаған. КСМ Әдетте нарықта Brent-тің бағасы WTI маркалы мұнайдан тезірек өсетін. Әзірге Brent мұнайы 84 доллар шамасында. Ал Қазақстан шикізат өндіруді арттырады. ОПЕК плюстің қарашадағы отырысында еліміз әрі қарай өндіріс көлемін ұлғайту туралы шешімді қолдайды.
Ақерке Бектас