Алматыда «Pfizer» вакцинасы барлық екпе егу пунктіне жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Pfizer» вакцинасы барлық екпе егу пунктіне жеткізіледі

21.10.2021
Алматылықтар «Pfize» вакцинасын кез келген екпе егу пунктінен салдыра алады. Бұл туралы қалалық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы айтты.

Коронавирусқа қарсы екпе 12-18 жас аралығындағы жеткіншектерге, жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар келіншектерге салынады. Алматыдағы соңғы ахуалды тілшіміз Жазира Оразқызы тікелей эфирде баяндайды.

Жазира Оразқызы, тілші:
Қалалық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың мәліметінше, қазір Алматыда вакцина салдыра алатын 176 600 жеткіншек, емізулі баласы бар 67 мың әйел және 20 мың жүкті келіншек тізімге алынған. Дегенмен вакцинация ерікті түрде және ата-ананың келісімімен жүргізіледі. Бір тиімдісі – «Pfizer»-ді үйге немесе мектепке шақыртып, салдыртуға болады. Басқарма басшысы барлық вакцина пунктінде осы екпені сақтауға арналған жабдықтар жеткілікті, ал мамандар қолдануы бойынша ақпаратқа қанық екенін атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидахуалға тоқталды. Оның сөзінше, мегаполисте коронавирус жұқтырушылардың басым көпшілігі - 20 мен 39 жас аралығындағы тұрғындар. Мегаполистегі әрбір бесінші науқас инфекцияны жанұя мүшелерінен жұқтырған.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Отбасында жұқтырғандар 20 пайыз. Үй ішінде жұқтырып жатыр бір-біріне. Инфекция таратпау үшін бұқаралық шаралардан бас таруға кеңес беремін.
Жазира Оразқызы, тілші:
Алматыдағы инфекциялық стационарларда 1 200 адам,оның ішінде 32 бала емделіп жатыр. 133 науқастың жағдайы ауыр. Өткен бір тәулікте 4 мыңға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдыған. Екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында.


Хабарламаларға жазылу