ҚХА кеңейтілген кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА кеңейтілген кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

21.10.2021

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғам талабына сай өзекті мәселелер талқыланды. Алға қойылған жоспарлар да ауқымды әрі қажет. Президент төрағалымен өткен жиын барысы туралы депутаттар да ойларын ортаға салды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мәдени диалог. Яғни халық арасындағы мәдени алмасу, рухани жаңғыру жолына байланысты біраз жақсы ұсыныстар айтылды. Оның ішінде Григорий Потанинді жақсы мысалға келтірді. Көптеген өзге ұлт өкілдерінің қазақ мәдениетіне қосқан үлесін атап айтты. Осы азаматтардың есімін ұмытпау керегін де айтты.
 Юрий Ли, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің балаларымызға қатысты кибербуллинг мәселесі де өзекті. Тіпті нашақорлықты насихаттайтын жарнамалар да кетіп жатады. Оның бәрін көріп отырмыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық та осыдан басталады. Осы тараптан аналар кеңесі әлеуметтік мәселелерге барынша ат салысып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтар, достық үйлері этнос аралық қатынасты сақтауда үлкен рөл атқарып келеді. Бүгінгі жиындағы алға қойылған мақсаттар да өте өзекті деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу