Банктердегі депозит көлемі 23 триллион теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктердегі депозит көлемі 23 триллион теңгеден асты

21.10.2021

Еліміздің банктеріндегі депозит көлемі 23 триллион теңгеден асты. Бір жылда ол 23 пайызға көбейген. Әсіресе теңгедегі салымдардың саны 6 пайызға артып, 65 процентке жеткен. Ал депозиттің басым бөлігі, яғни 12 триллион 200 миллиарды жеке азаматтарға қалғаны заңды тұлғаларға тиесілі. Қаржыгерлер болса, ақшаның жартысын теңгемен, екінші жартысын доллармен сақтауға кеңес беріп отыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу