Непалдың батысында тасқын құрбандарының саны 77-ге жетті. Бұл аймақты топан жайлап, лай көшуіне толассыз жаңбыр себепші.
Сонымен қатар өзендер арнасынан асып, жол мен егістік алқабын су шайып кеткен.
Айта кетсек, бұл мемлекетте муссон жауындары маусым айында басталып, күздің ортасына дейін жалғасады. Синоптиктердің хабарлауынша, Непалда нөсер әлі бірнеше күн жаууы мүмкін.
Арыстан Рысбек