Енді мемлекеттік қызметкерлерді «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша оқыту басталады. Оған Ұлттық жобаларды әзірлеуге тікелей қатысатын Президент әкімшілігі мен Премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері және аймақтағы әкімшілік мамандары қатысады. Мемлекетік басқару академиясы базасында өтетін семинар он ұлттық жоба мен мемлекетік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында өтпек.