Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Тағы 9 адамның тағдыры белгісіз.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, от технологиялық ережелердің сақталмауынан тұтанған. 160 шаршы метр аумаққа тараған өрт қазір сөндірілді. Оқиға орнында 100-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Арай Төлегенқызы