Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әлем халқының кем дегенде 40 пайызы екпе салдыруы тиіс екенін мәлімдеп отыр. Жаһандық пандемияны жеңу үшін медициналық мүмкіндік пен өзге де құралдар бар. Алайда олар тиісті деңгейде қолданылмай жатыр. Жексенбіде ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді.
Берлинде өтіп жатқан Денсаулық сақтау бойынша саммитте ол әлемдік қауымдастықтың барлық елін вакцинамен қамтуға шақырды. Ол меже осы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс дейді.
Айта кетейік, бұл - екпені жеткізу шараларын бақылайтын елдер мен компаниялар уәдесін орындаған жағдайда ғана жүзеге аспақ.