Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қажет

25.10.2021

Әрбір тауар бойынша жағдайды күнделікті бақылауда ұстап отыру керек. Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Өткен аптада тағам түрлерінің бағасы шамамен 2%-ға өскен. Бұған жұмыртқа, сәбіз және қанттың қымбаттауы кері әсер етіп отыр. Сондықтан әлеуметтік азық түрлерінің үш айлық қоры дайындалып жатыр.

Бүгінде 306 мың тоннадай қор жиналған. Ал өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 4,4 млрд теңгеге артып, 45 млрд теңгеден асты. Асқар Мамин азық-түлік тауарларының өңіраралық үздіксіз ағынын ұйымдастыру, сауда нысандарының бағаны асыру фактілерінің жолын кесуді тапсырды.


Хабарламаларға жазылу