Италияда вакцина куәлігін енгізуге қарсы шерулер жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда вакцина куәлігін енгізуге қарсы шерулер жалғасып жатыр

25.10.2021

Италияда вакциналау туралы куәлікті енгізуге қарсы шерулердің тоқтамай жатқанына екі аптаға жуықтады. Мұндай наразылық акциясы елдің бірнеше қаласында өтіп жатыр. Оған мыңдаған адам жиналған. Бүгінгі шерулерде зорлық-зомбылық, күш көрсету тіркелген жоқ. Дегенмен, демонстранттар діттеген мақсаттарына жетпей тарқамауға бел буған. Айта кетері - Италияда қазанның ортасынан бастап азаматтарда коронавирусқа қарсы екпе салдырғанды растайтын төлқұжаттың болуы міндетті. Онсыз адамдар жұмыс орнына, мейрамхана, спортзал, кинотеатрларға кіре алмайды. Кейбір деректерге сай, қазір Италияда 5 миллиондай қызметкер вакцина алмаған. Ал, иммундалмаған адамдарды жұмыс орнына кіргізген жұмыс берушілерге айыппұл салынады. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу