Кеше Өзбекстанда кезекті Президент сайлауы өтті. Таңғы 8.00-де басталып кешкі 8.00-де аяқталған саяси науқанға халықтың 80,8 пайызы қатысты. Белсенділік жоғары болды ал, сайлауда ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ деді Орталық сайлау комиссиясының өкілдері. Қазір дауыс санау процесі жүріп жатыр. Алғашқы алдын-ала қорытынды Өзбекстан уақытымен бүгін сағат 16.00-де жарияланады. Айта өтейік, бұл көрішіміздегі алтыншы Президент сайлауы. Оған бес саяси партияның серкелері үміткер ретінде тіркелді. Ал, доданы алыс-жақын шетелден келген елу елден астам елдің бақылаушыларымен қатар, жаһандық аренада ықпалды он шақты халықаралық ұйымның өкілдері бақылады. Және ел астанасы Ташкенттен 1600-ден астам тілші ақпарат таратты. Оның ішінде шетелдік журналистер көп болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өзбекстанда кезекті президент сайлауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/147043/)