Қазақ-Түрікмен ынтымақтастығын арттыру үшін маңызды құжаттарға қол қойылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Түрікмен ынтымақтастығын арттыру үшін маңызды құжаттарға қол қойылмақ

25.10.2021

Қазақ-Түрікмен ынтымақтастығын арттыру үшін маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапары барысында Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

Кездесуге дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Бұдан кейін тараптар шағын құрамда кездесіп, екі ел арасындағы алыс-берісті арттыру мәселесін талқылады. Әсіресе саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейту ерекше сөз болды.

Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды. Енді екі елдің делегациясы кеңейтілген құрамда кездесу өткізбек. Онда ынтымақтастықты арттыру мақсатында маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтіліп отыр.


Қазақ-Түрікмен Түрікменстан Ашхабад

Хабарламаларға жазылу