Виртуалды активтерге қатысты қылмыс саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Виртуалды активтерге қатысты қылмыс саны артты

25.10.2021

Дүниежүзілік экономика мен халықаралық сауданың өсуі виртуалды активтерге қатысты қылмыс санының артуына түрткі болған. Алматыда осы мәселенің алдын-алу мақсатында әлем елдерінің сарапшылары қатысқан семинар өтті.

Шараға қатысушылар соңғы кезде криптовалюта арқылы террористік ұйымдарды қаржыландырудың бірнеше фактісі тіркелгенін айтады. Сонымен қатар виртуалды активтер қылмыстық жолмен алынған табыстарды жасыру үшін де өте қолайлы.

Ақшаны жіберуші мен алушыны анықтау өте қиын. Осы мәселелердің алдын-алу мақсатында үкіметаралық «ФАТФ», яғни, қаржылық қылмысқа қарсы саясат пен стандарттарды әзірлеу ұйымы әлем елдеріне осы олқылықты бірлесе шешуге шақырды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазақстан тарапы бұл туралы арнайы заң жобасын Үкіметке ұсынған.

Ғабит Лесбеков, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент басшысы:

Қазақстанның заңнамасына өзгерістер енгізілуде. Бұл заңнама қазір Мәжілістен өтті. Сенатта талқыланып жатыр. Мұндағы негізгі өзгерістердің бағыты - виртуалды активтердің провайдерлерін тіркеуден өткізу және олардың жалпы ісін реттеуге байланысты мәселелер.Қазақстанның заңнамасына өзгерістер енгізілуде. Бұл заңнама қазір Мәжілістен өтті. Сенатта талқыланып жатыр. Мұндағы негізгі өзгерістердің бағыты - виртуалды активтердің провайдерлерін тіркеуден өткізу және олардың жалпы ісін реттеуге байланысты мәселелер.


Виртуалды актив экономика

Хабарламаларға жазылу