Ал инфляцияның өсуіне әсер еткен азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Әсіресе сәбіз, жұмыртқа мен қанттың қымбаттағаны байқалады.
Мәселен Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша жұмыртқа құны үш өңірде жеті жарым пайызға дейін өскен. Ал Алматыда сәбіз, Қарағанды облысында қант бес пайыздай қымбаттады. Сондықтан әкімдіктерге бағаны бақылау бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Әрі әлеуметтік азық-түліктің үш айға жететін қорын жинауы қажет. Ал бағаны шекті мөлшерден өсіргендерге ескерту жолданып, айыппұл салынып жатыр.
Нұрхан Оразов, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің сарапшысы:Бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзу бойынша өндірушілер мен көтерме жеткізушілерге 68 хабарлама шығарылды. 9 тергеп тексеру тағайындады. Онымен қоса 20 ұйғарым шығарылды. Сондай-ақ бағаны көтеруі мүмкін деген жария мәлімдемесі үшін 4 ескерту шығарылды.
Досжан Маратұлы