Қостанайлық шаруалар несие мерзімін шегеруді сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық шаруалар несие мерзімін шегеруді сұрап отыр

25.10.2021

Ал қостанайлық шаруалар несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді сұрап отыр. Қазір олар Азық-түлік корпорациясына 3 миллиард 200 миллион теңге берешек. Бұл қарызды кәсіпкерлер көктемде егін егу үшін алған еді. Талап бойынша оны астықпен немесе ақшалай қайтаруы керек. Бірақ 50-ден астам шаруа қожалығы қаржылық қиындыққа тап болғандарын айтып отыр. Өйткені биыл құрғақшылық болып, жауын-шашын жылдағыдан 3-4 есе аз жауған. Соның кесірінен егін бітік шықпай, шығынға баттық дейді. Сол үшін бұл жағдайды форс-мажор деп танып, несие төлеу мерзімін кейінге шегеруді сұрап отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу