ШҚО-да 74 жастағы кейуана иіс тиіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 74 жастағы кейуана иіс тиіп қайтыс болды

26.10.2021

Семейде 74 жастағы кейуана пештен шыққан иіске тұншығып, қайтыс болды. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша үйдегі пештің мұржасы дұрыс тазаланбаған болуы мүмкін.

Бұдан бөлек шығыстағы Алтай қаласында да екі бала иіс тиіп уланып қалған. Екі жастағы сәби мен 9 жастағы жеткіншек жедел ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары қалыпты.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:
Жылыту маусымы басталғалы бері 6 оқиға тіркелген. Оның ішінде 5 бала зардап шеккен. Бұл оқиғалардың басты себебі - қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Пештегі жарықтардан шыққан улы газ мұндай оқиғаларға себепкер болды. Ең басты мәселе - пештегі мұржаның түтінді дұрыс сормауы.

Хабарламаларға жазылу