АҚШ Президенті Джо Байден елге тек толық вакцина салдырған шетелдіктерді кіргізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл талап қарашаның 8-нен бастап күшіне енеді.
Құжатқа сай, Құрама Штаттарға кіру үшін шетел азаматтары АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құптаған вакцина салдыруы тиіс. Джо Байденнің сөзінше, шектеудің 18 жасқа толмаған балаларға қатысы жоқ.
Арай Төлегенқызы