Министр вакцинаның болжамды бағасын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр вакцинаның болжамды бағасын айтты

26.10.2021

Бүгін Денсаулық сақтау министрі келесі жылдан бастап ақылы болады делінген вакцинаның болжамды бағасын айтты. Оның бір дозасы екі мыңнан бес мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Десе де бұл тек шетелдік екпелерге қатысты. Ал «QazVac» және «Спутник V» тегін болып қала береді.

Алексей Цойдың айтуынша, қазір ірі фармацевтикалық компанияламен осы мәселе пысықталып жатыр. Бұған дейін еліміздің бас дәрігері жеке клиникаларға шетелдік вакциналарды сатып алып, оны тұрғындарға ақылы негізде егуге рұқсат берілгенін айтқан еді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мен вакцинаның нақты бағасын айта алмаймын. Өйткені бұл коммерциялық мақсатта болғандықтан екпенің құны әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ қатты қымбат емес. Мәселен, қазіргі вакциналардың бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Фармацевтер оны қанша сатып алады, соған байланысты ғой.


QazVac Спутник V

Хабарламаларға жазылу